Лос-Анджелес қоғамдық көліктері тегін жүрмек

7 Қыркүйек 2020, 12:54
1176
Бөлісу:
Лос-Анджелес қоғамдық көліктері тегін жүрмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лос-Анджелес округіндегі қоғамдық көліктер ақысыз жүреді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Bloomberg.

Басты себеп - коронавирустық пандемия, соның салдарынан көптеген азамат жұмыссыз қалды, сәйкесінше, жол ақысын төлей алмай отыр. Лос-Анджелес округіндегі қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағыны наурыз айынан бастап 50%-ға азайған.

Мегаполистегі көлікті қаржыландыру үкіметтік гранттар мен жарнамадан түскен қаражат есебінен өтелмекші.

2019 жылы жол жүру ақысынан түскен кіріс өңірдегі транспорт жүйесінің барлық операциялық шығынының 13%-н ғана құраған.


Өзгелердің жаңалығы