Лорд Вульф: Халықаралық деңгейдегі бірінші төрелік орталығын құру – Қазақстан үшін жетістік

2 Шілде 2019, 12:49
1512
Бөлісу:
Лорд Вульф: Халықаралық деңгейдегі бірінші төрелік орталығын құру – Қазақстан үшін жетістік
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылған АХҚО-да Сот және Халықаралық төрелік орталығының маңыздылығы туралы АХҚО Сот төрағасы Лорд Вульф атап өтті.

АХҚО Сот төрағасы Лорд Вульф Сот және Халықаралық төрелік орталығы ғимаратының ашылуын Қазақстан үшін тарихи оқиға, «мұндай деңгейдегі төрелік орталық құрудың өзі – жетістік» ретінде бағалады.

«Жалпы юрисдикцияның бірінші соты мен халықаралық деңгейдегі бірінші төрелік орталығын құру – бүкіл Қазақстан үшін зор жетістік. Екі орган да жаңа технологиялармен жабдықталған, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтетін және одан тыс жерлерде заң үстемдігі флагмандарының бірі ретінде АХҚО бекітетін заманауи әкімшілік ғимаратта орналасады», - деді Лорд Вульф.

АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов АХҚО әрекет ететін жалпы құқық негізінде оның икемділігіне байланысты таңдалғанын атап өтті.

«Әлемнің ең табысты қаржы орталықтарының көпшілігі жалпы құқықтың юрисдикциясында жұмыс істейді. Бұл нарықтың талаптарына тез бейімделуіне байланысты, сонымен қатар инвесторларға сот шешімдерін шығару кезінде әділдік пен бейтараптыққа кепілдік береді. Осылайша, біз өңірдегі ең үздік қаржы платформасын және бірегей инвестициялық климатты құрғымыз келеді», - деді Келімбетов.

Сонымен қатар, АХҚО Биржасының (АІХ) басқарма төрағасы Тим Беннетт 2018 жылдың қарашасында орын алған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірінші ІРО-нен бастап қызмет нәтижелері туралы айтты.

«Қазатомөнеркәсіптің» акциялары қазігі уақытта Қазақстанда белсенді сатылатын екінші бағалы қағаз, айналым жылдамдығы көптеген дамушы нарыққа қарағанда 2-3 есе жоғары. Polymetal компаниясы акцияларының листингі АІХ халықаралық эмитенттер тарапынан сұранысқа ие екенін, сондай-ақ өңірлік инвестициялық сұранысты жұмылдыру қабілетін көрсетті. Осы аптада біз бағалы қағаздарды кастодиандық сақтаудың жаңа жаһандық стандартты үлгісін; маркет-мейкерлерге арналған бағалы қағаздарды қарыз алу және қысқа сату бағдарламасын таныстырамыз; ЖДҚ мен акцияларды неғұрлым тиімді айырбастау, сондай-ақ Euroclear-мен тікелей байланыс орнату. Орталық Азия аймағында бірінші болатын осы бастамалардың көпшілігі Қазақстан мен өңірдегі бизнес үшін неғұрлым белсенді капитал нарығын дамытуға ықпал ететін болады», - деді ол.

Айтуынша, АІХ елдегі және өңірдегі капиталдың  жоғары өтімді нарығын дамытып келеді.

«ІРО-дан бастап жарты жыл ішінде АІХ алаңында бірінші компания жаһандық инвесторларға түсінікті инфрақұрылым жасап қана қоймай, мультивалюталық сауданы іске қосты, биржалық инвестициялық қорлардың көмегімен өнімдер желісін алуан түрлі етіп, юниорлық геологиялық барлау компанияларының инвестиция тарту үшін жаңа сегментті іске қосты, «Бір белдеу, бір жол» сегментінде әлеуетті эмитенттермен бірнеше келісімдер жасады, сондай-ақ бөлшек инвесторларға арналған мобильді қосымшаны іске қосты. АІХ елдегі және өңірдегі капиталдың терең және жоғары өтімді нарығын дамытуды жалғастыруда», - деді Тим Беннетт.

Сондай-ақ,  АХҚО-да бүгін ашылған Сот және Халықарлық төрелік орталығы ғимаратының Төле би залында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиын өтті.

Ағылшын тілінде баяндама жасаған мемлекет басшысы қазақтың үш биін үлгі етті.

Өзгелердің жаңалығы