Лондонда карантинге қарамастан теннистен жыл қорытындысы өтеді

1 Қараша 2020, 22:31
1370
Бөлісу:
Лондонда карантинге қарамастан теннистен жыл қорытындысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АТР жылдың қорытынды турнирін Лондонда өткізеді. Аталған елде коронавирус індетіне байланысты жаңа шектеулер енгеніне қарамастан, теннис бәсекесі Ұлыбританияда ұйымдастырылады.  

Ұлыбритания билігінің жаңа шектеулеріне байланысты, АТР жылдың қорытынды турнирін Лондонда, көрерменсіз өткізеді, - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Англияда коронавирус індетіне байланысты 5 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қатаң карантин енгізбекші.

Ал АТР қорытынды турнирі 15-22 қарашаға жоспарланған. Жарыстың қазіргі жеңімпазы – грекиялық Стефанос Циципас.

Сонымен қатар, АТР 250 Astana Open турнирі мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды.

Өзгелердің жаңалығы