Лондонда ІІ Елизавета патшайымның құрметіне 96 рет ауаға оқ атылды

10 Қыркүйек 2022, 12:09
956
Бөлісу:
Лондонда ІІ Елизавета патшайымның құрметіне 96 рет ауаға оқ атылды

Ұлыбританияда ІІ Елизавета патшайымның құрметіне 96 рет ауаға оқ атылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Британдық БАҚ-тардың хабарлауынша, оқ ату өмір сүрген әр жылының құрметіне ұйымдастырылған.

Сонымен қатар Вестминстер аббаттығында, Әулие Павел шіркеуі мен Виндзор сарайында да өмірден озған патшайымның құрметіне оқ атылып, қоңырау соғылған.

Ұлыбритания патшайымының қайтыс болуына байланысты Букингем сарайында жерлеу рәсімінен кейін жеті күн бойы қаралы күн жалғасады.

Сол себепті корольдік резиденцияларындағы жалаулар аза тұту мерзімі аяқталған соң келесі күнгі сағат 08.00-ге дейін төменге түсірілген күйде болады.

Өзгелердің жаңалығы