Лох-Несс құбыжығы шын мәнінде алып жыланбалық болуы мүмкін – ғалым

6 Қыркүйек 2019, 16:31
5603
Бөлісу:
Лох-Несс құбыжығы шын мәнінде алып жыланбалық болуы мүмкін – ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зерттеушілер экспедициясы аңызға айналған Несси құбыжығының шотландиялық көлде өмір сүретінін дәлелдейтін айғақ таппады, деп хабарлады TVNZ телеарнасы. 

Бір жылдан астам уақыт бойы Шотландиядағы Лох-Несс көліндегі ДНК үлгілерін сараптаған зерттеушілердің халықаралық компаниясы аталмыш су қоймада рептилия түріндегі құбыжықтың өмір сүргенін дәлелдейтін айғақ таппағанын мәлімдеді. 

Ғалымдар көлдің әр бөлігінен және әртүрлі тереңдіктен 250 су сынамасын жинап алды. Алынған ДНК үлгілерінің бәрі әлемге белгілі рептилиялардың биологиялық түрлерінің деректер базасы бойынша біртіндеп тексерілді.   

Жаңа Зеландиялық университет профессоры Отаго Нил Джемеллдің айтуынша, Лох-Несс көлінде көбінесе жыланбалықтың ДНК фрагменттері көптеп анықталды. Бұндай балықтың ірі түрлерінің ұзындығы 1,8 метрге жетеді.   

«Біздің деректер олардың қаншалықты үлкен болғанын анықтап бере алмайды. Алайда, зерттелген материалдың көбісі Лох-Несс көлінде алып жыланбалықтардың өмір сүруі мүмкін деген фактіні дәлелдейді», - деді профессор.   

Айта кетейік, 1930 жылдары ғалымдар осыған ұқсас теорияны айтқан болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы