Ливияда тасқыннан кейінгі лас судан 150 адам уланды

27 Қыркүйек 2023, 03:44
543
Бөлісу:
Ливияда тасқыннан кейінгі лас судан 150 адам уланды
Фото: baq.kz

Ливиядағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар енді таза суға зәру болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасқын кезінде кәріз желісіне қатты зақым келіп, ауыз су ағынды сумен араласып кеткен. Осы уақытқа дейін 150 адамның уланғаны анықталды. Көрсеткіш әлі де өсуі ықтимал.

Инфекция қаупі қазан айында басталып, 3 айға созылатын жаңбырлы маусымға ұласуы мүмкін дейді мамандар. Елге Қытай, Франция, Сауд Арабиясы, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы