Ливияда 1 жылға төтенше жағдай жарияланды

17 Қыркүйек 2023, 18:16
746
Бөлісу:
Ливияда 1 жылға төтенше жағдай жарияланды

Солтүстік Африкадағы елде өткен аптада, Даниэль дауылы ойран салып, соңы тасқынға ұласқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ливияда су тасқыны салдарынан 800 мыңнан аса адам жапа шекті. Бұл жергілікті халықтың шамамен 11 проценті. Опат болғандардың саны 11 мыңға дейін жетуі мүмкін. Десе де дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге 4 мың адамның қазасын растады. Қалған марқұмдардың кімдер екенін анықтау мүмкін болмай тұр. 

Табиғат апатынан елдің оңтүстік өңірлері жапа шеккен. Мұнда, бір жылға, төтенше жағдай жарияланды. Өйткені инфекциялық аурулардың өршу қаупі басым. Сондықтан аймақта вакцинация басталды. Мыңдаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған шетелдік мамандар да тартылған. Халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмек жөнелтуге кірісті. Кеше ғана мұнда 29 тонна жүк жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы