Ливан Премьер-министрі Науаль Салам елге алдағы алты айдағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру үшін шамамен 500 миллион еуро қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Франция президенті Эммануэль Макронмен өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты. Саламның сөзінше, қазіргі жиналған халықаралық көмек Ливанның қажеттіліктерінің тек бір бөлігін ғана жабады.
Ливандағы жағдай Израиль мен Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстар аясында күрделеніп отыр. Халықаралық ұйымдар өңірдегі гуманитарлық ахуалдың ушығуы туралы бірнеше рет ескерткен.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, қақтығыстар басталғалы бері 2200-ден астам адам қаза тауып, 7500-ден астам адам жараланған. Ал ЮНИСЕФ мәліметінше, 1 миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.