Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің денсаулығы бақылауға алынды

13 Сәуір 2020, 20:32
1347
Бөлісу:
Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің денсаулығы бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-ші Қазақстандық бітімгершілік ротасы үндістандық батальон құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік миссиясын жалғастыруда. Пандемияға байланысты миссия қолбасшылығы вирустың кез келген жұғуы мен таралуының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қазір Ливандағы жағдай тұрақты және жергілікті билік пен "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" қолбасшылығының бақылауында. 26 сәуірге дейін елімізде төтенше жағдай жарияланды. Дипломатиялық тұлғаларды қоспағанда, бүкіл халық үшін Бейрут әуежайы, құрлық және теңіз өткелдері жабылды.

3-ші Қазақстандық бітімгершілік ротасының командирі майор Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, бітімгершілік базасындағы жағдай тұрақты.

Жауапкершілік аймағында миссиядағы 11 мың әскери қызметші мен азаматтық бітімгерлердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин енгізілді.

Бітімгерлік базаның әрбір бақылау-өткізу пунктінде медициналық персонал кезекшілік етеді. Байланыссыз термометрия жүзеге асырылып, санитариялық-гигиеналық нормаларының қатаң сақталуы бақыланады.

Бітімгерлерге вирусты жұқтыру фактілері тіркелген аудандарға сапар жасамау және жергілікті халықпен байланысты барынша шектеу ұсынылды. Жеке құраммен коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және болдырмау бойынша сабақтар үнемі өткізіледі.

Біздің алдымызда тұрған ең маңызды міндет – бітімшілерімізді вирусты жұқтырудан қорғау. Сонымен қатар, оның таралуының алдын алу басты мақсаттардың бірі болып табылады.Және де қазіргі уақытта біздің жұмысымыз осыған бағытталған,– деп атап өтті қазақстандық контингенттің командирі.

Командирдің айтуынша, біздің бітімгерлердің моральдық-психологиялық жағдайы, денсаулықтары тәрізді жоғары деңгейде. Олар барлық қауіпсіздік шараларын қатаң ұстана отыра, «көгілдір сызық» бойында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 24/7 режимінде жедел қызметті жүзеге асыру сынды өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.

Қазақстандық бітімгершілік контингенті модульдік үлгідегі екі бітімгершілік базада орналасқанын атап өткен жөн. Күнделікті жайлы жағдайы қалыптасқан. БҰҰ тарапынан қамтамасыз етілетін үш мезгілдік тамақтану ұйымдастырылған. Дене шынықтырумен айналысу үшін жабдықталған спорт зал бар. Міндеттерді орындаудан бос уақыт кезінде бітімгерлер футбол, волейбол, шахмат және бильярд ойнайды. Әркім өз отбасымен бейне байланыс арқылы хабарласа алады.

Миссия басшылығы қазақстандық бітімгерлердің жақсы дайындығы мен тәртіптілігін атап өтті. Әсіресе, олар көлік жүргізуінде ерекшеленеді.

Өзгелердің жаңалығы