Ливан Қазақстанға сирияаралық келіссөздерге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді

7 Тамыз 2019, 18:41
1910
Бөлісу:
Ливан Қазақстанға сирияаралық келіссөздерге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқысаяси ведомство басшысы Бейбіт Атамқұловтың сыртқы істер министрлігінде Қазақстандағы Ливанның Елшісі Жискар аль-Хуримен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Ливан Қазақстанмен дипломатиялық қатынастарды алғашқы орнатқан араб елдерінің бірі. 

«Біздің елдеріміз жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды сәтті дамытуда. Басшылық деңгейдегі және іскерлік топтардың екіжақты кездесулері артып келеді», - деді СІМ басшысы.

Қазақстан Ливанның Астана форматындағы сирияаралық келіссөздердің 13-ші раундына жаңа байқаушы ретінде қосылуын қолдады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Астана процесі қақтығысты реттеудегі маңызы өте жоғары болып табылады. Қиындықтарға қарамастан, Қазақстан астанасындағы бейбіт келіссөздер өз қисындылығын және тиімділігін дәлелдеді.

Министр Ливан аумағында орналасқан үнді контингенті құрамына кіретін қазақстандық бітімгершілік батальонына көрсеткен көмегі үшін Ливанға алғысын білдірді.

Ливан Елшісі өз мемлекетінің Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға аса қызығушылығын атап өтіп, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді шешу мақсатында қазақстандық тараппен белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

«Бүгін біздің мемлекеттеріміз тек екіжақты қатынастарды ғана емес, сонымен қатар аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі табысты ынтымақтастықты дамытуда», - деп қосты ливандық дипломат. 

Осы тұрғыда Ж.аль-Хури Қазақстанның түрлі халықаралық алаңдарда маңызды рөлін атап, Нұр-Сұлтанның жақсы медиатор екені айтылды.

"Сонымен қатар, Ж.аль-Хури Астана процесі қарапайым сириялықтардың, әсіресе босқындардың туған еліне оралу мәселесі шешілетін жалғыз өмірге бейімді алаңы болып табылатынын атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Аталған қарым-қатынастардың төмен деңгейі екі мемлекеттің қолда бар әлеуетіне сәйкес келмейтіні атап өтілді. Осы саланы кеңейту мақсатында барлық қолжетімді мүмкіндіктерді зерттеу қажеттілігіне назар аударылды", - делінген таратылған ақпаратта.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың перспективалық бағыты болып табылады. Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне, соның ішінде Ливанға бидай өнімдерін жеткізуге мүдделі.

Ливандық кәсіпкерлер көлік және логистика, туризм, қонақүй мен мейрамхана бизнесі, сондай-ақ қызмет көрсету сияқты бизнестің әртүрлі салаларына белсенді ынтымақтастыққа шақырылды.

Өзгелердің жаңалығы