Ливан бір тәуліктен бері электр жарығынсыз қалды

17 Тамыз 2023, 20:37
516
Бөлісу:
Ливан бір тәуліктен бері электр жарығынсыз қалды

Ливанда бір тәуліктен бері электр жарығынан толықтай қол үзді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елде тіпті, су айдауыш станциялар да жұмысын тоқтатқан. Ауруханалар мен әлеуметтік маңызды нысандар дизель-генератордың көмегімен ғана жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.

Электр жарығын беру бүкіл ел аумағында екі жылу электр станциясының өшірілуі себепті тоқтатылып отыр.

Екі ЖЭС қазіргі сәтте Ливанды электр энергиясымен жабдықтайтын жалғыз нысан.

Жарық өшірілген соң су айдайтын станция мен түрлі инфрақұрылым нысандары да істен шықты.

Өзгелердің жаңалығы