Ливан армиясы екі министрлік ғимаратын наразылық танытушылардан азат етті

9 Тамыз 2020, 11:29
1812
Бөлісу:
Ливан армиясы екі министрлік ғимаратын наразылық танытушылардан азат етті

Алматы, BAQ.KZ. Ливан әскері Бейруттегі сыртқы істер министрлігі мен экономика және энергетика министрлігінің ғимаратын наразылық танытушылардан азат етті. Бұл туралы "Аль-Арабия аль-Хадас" басылымы жазды.

Қазіргі уақытта Ливан астанасында қалыпты жағдай орнаған. Сенбі күні мыңдаған адам шеруге шығып, үкіметтің отставкаға кетуін және реформа жүргізуін талап еткен еді. Кейін ол жаппай қақтығысқа ұласқан. Көтерілісшілер төрт министрлік пен банк қауымдастығының ғимаратына басып кірген. Қақтығыс барысында 700-ден астам адам зардап шеккен. Қарулы күштер құрылымының мәліметінше бір құқық қорғаушы қаза тауып, 70 қызметкер жарақат алған. 

Бейуттегі наразылық шаралары 4 шілде күні теңіз портында болған жарылыстан кейін басталған. Жарылыс кезінде 158 адам қаза тауып, 6 мыңдайы жарақат алған.
Өзгелердің жаңалығы