Литвада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

3 Шілде 2021, 21:58
3704
Бөлісу:
Литвада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вильнюстің ең танымал туристік ауданы – Ужуписте Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елорда күніне арналған фотокөрме ашылды.

Оны Қазақстанның Литвадағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Литва елордасының тұрғындары мен қонақтарының назарына еліміздің серпінді өзгерістерін, тарихи ескерткіштерін, көркем табиғатын,  әлемге әйгілі қазақстандықтардың бейнелерін көрсететін фотосуреттер ұсынылған.

Фотокөрмені ашу салтанатында Қазақстан Елшісі Валерий Темірбаев Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі негізгі жетістіктерін экономикалық өрлеу, қоғамдық дамуды, халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы рөлін атап өтті.

Көрменің орналасқан жері кездейсоқ таңдалмады – жазғы уақытта  Вильняле өзенінің жағалауы қала тұрғындары мен туристердің демалысы үшін сүйікті орындардың бірі болып табылады. Арнайы QR кодтың көмегімен кез келген адам көрменің сипаттамасын оқи алады. Көрме шілде айының соңына дейін өтеді.

Өзгелердің жаңалығы