Литва мен Беларусь шекарасынан мигранттарға арналған жерасты туннелі табылды

Қазір мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу басталды.

 pexels.com 6 Тамыз 2026, 08:10
6 Тамыз 2026, 08:10
231
Фото: pexels.com

 

Литва шекарашылары Беларусьпен шекара маңынан заңсыз шекара кесіп өтуге пайдаланылуы мүмкін кезекті жерасты туннелін анықтады. Бұл 2026 жылдың басынан бері тіркелген осындай он екінші жағдай.

LRT мәліметінше, туннель Друскининкай ауданындағы Латежерис ауылы маңынан табылған. Жерасты жолы арнайы жабдықтардың көмегімен анықталған.

Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, туннель шамамен 1,5 метр тереңдікте орналасқан. Ол ағаш бөренелер мен тақтайлар арқылы бекітілгенімен, құрылысы толық аяқталмаған. Беларусь аумағындағы кіреберісі жасырын матамен бүркемеленген, ал туннель Литва аумағына шамамен төрт метр кірген.

Литва билігі мұндай жерасты жолдары мигранттарды заңсыз өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу басталды.

Наверх