Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лисаковск қаласында атыс болғаны lisakovsk.life Instagram парақшасында жарияланды.
Қостанай облысының полиция департаменті полиция қызметкерелрі көршілеріне қарсы оқ атқан Лисаков тұрғынын залалсыздандырғанын хабарлады.
Сағат 11:00 шамасында Лисаков полиция бөлімінің 102 пультіне 3-шағын аудан тұрғын үйінің ауласында белгісіз біреу қарумен жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Оқиға орнына келген күдікті полиция қызметкерлеріне қарай оқ атқан, жедел-тергеу тобының тергеушісі жарақат алды, күдікті үйдің кіреберісінде жасырынған. Қудалау барысында ол полиция жағына оқ атуды жалғастырды. Үй тұрғындарының қауіпсіздігі және күдіктінің одан әрі заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды және күдіктіні жарақаттады. Осыдан кейін атылған адам өз пәтеріне қашып, сол жерден кейінірек ұсталды. Үйдің кіреберісінен жарақаты бар екі әйел табылды, - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дереу жедел жәрдем шақырған.
Кейін алған жарақатынан ұсталған адам ауруханада көз жұмды. Жараланған әйелдердің бірі қайтыс болды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, прокуратура органдары қаруды қолданудың заңдылығы мәселесін зерттеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатқан жөндеу негізінде көршілер арасында жанжал туындағанын анықтады, - делінген хабарламада.
Тергеу негізінде көршілер арасында жанжал туындағанын анықтады. Қарым-қатынасты нақтылау үшін 66 жастағы ер адам кіреберіске мылтықпен жүгіріп, оқ атуды бастады.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ прокуратура органдары қаруды қолданудың заңдылығы мәселесін зерделеуде.