Лионель Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

7 Наурыз 2023, 21:32
936
Бөлісу:
Лионель Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі
Фото: kratkoebio.ru

"ПСЖ" ойыншысы, аргентиналық футболшы Лионель Месси жаңа мультипликациялық хикаяның кейіпкері атанады. Мультхикаяны жетекші америкалық компаниялардың бірі түсіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Режиссерлардың айтуынша, хикаяда әйгілі аргентиналық футболшының балалық шағы баяндалады, жас Лео бейне ойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерді еңсереді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған әлемдік хикаяға әйгілі америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады.

Түсіру жұмыстарына Месси де қатысады және әлемнің көптеген тіліне аударылады.

Мен бала кезімнен мультхикаяларды жақсы көремін, ал балаларым анимациялық кейіпкерлердің жанкүйері. Бұл анимациялық жобаға қатысқаныма қуаныштымын, өйткені тағы бір арманым орындалғалы жатыр. Мен қатыстырғаны үшін жоба авторларына алғыс айтқым келеді. Нәтиже бәріне, әсіресе қыздар мен ұлдарға ұнайды деп үміттенеміз, - деді Лионель Месси. 

Өзгелердің жаңалығы