Лифтіде дәрет сындырған астаналық жауапқа тартылды

28 Қаңтар 2019, 17:35
3268
Бөлісу:
Лифтіде дәрет сындырған астаналық жауапқа тартылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық азамат тұрғын үйдегі лифтіде дәрет сындырған.

Оның ерсі қылығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 паблигінде жарияланған видеодан астаналық тұрғынның ерсі қылығын анық көруге болады.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға 26-қаңтар күні Иманов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

«Азамат лифтіде дәрет сындырған. Жедел іздестіру барысында оның 26-жастағы астаналық тұрғын екені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың үкімімен оған 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Осы орайда ол бұзақы ерсі әрекетін қайталаса, қамауға алынатынын атап өтті.

«ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша, азамат әрекетін бір жыл ішінде қайтайлайтын болса, 15 тәулікке дейін қамалады», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.


Фото: ok.ru
Өзгелердің жаңалығы