Павлодар қалалық мәслихатының төртінші сессиясында депутаттар Ленин ауылының атауын Атамекен деп өзгертуге дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 29 сәуірдегі жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негізінде Павлодар қаласындағы Ленинский ауылын Павлодар қаласындағы Атамекен ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді. Бұл туралы ertis.kz жазды.
Ленин кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысында бірнеше атау нұсқасы ұсынылды. «Атамекен» атауына қырық тоғыз адам дауыс берді.
Сонымен қатар, Мойылды, Павлодарское ауылдарының, Ленин кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің 60-тан астам көшесінің атауы өзгертілді. Шешім облыстық ономастикалық комиссияға жіберіледі.