LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

4 Мамыр 2021, 14:48
2591
Бөлісу:
LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?
EX PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәстүрлі технология бойынша бір үйдің құрылысына кем дегенде бір жарым жыл уақыт кетеді. Соның өзін кеңестік кездің құрылысын көзбен көргендер бұл өте аз мерзім деп есептейді. Көптеген жаңа үйдің сапасының сын көтермей жатқанын осымен байланыстыратындар да жоқ емес. Алайда әлемде ондаған қабатты тұрғын үйдің өзін жарты жылға жеткізбей тұрғызатын елдер бар. Модульдік технологияның арқасында.

Әлемдік тәжірибе

Модульдік технологияның не екенін түсіну үшін көз алдарыңызға лего конструкторының дайын бөлшектерінен үй құрастыру процесін елестетсеңіздер де болады. Бөлшектер - зауытта құйылған төбесі, едені, қабырғалары бар дайын бөлмелер. Олар бетоннан құйылып, дайын болған соң құрылыс алаңына жеткізіліп, монтаж жұмыстарының көмегімен құрастырылады. Адам еңбегі мен өндірістік процесті автоматтандыру деген осы. Мұндай технология Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған ғимараттарды тез арада қалпына келтіру үшін қолданыла бастаған көрінеді. Мысалы, АҚШ-та 1940-1950-жылдары бұл әдіс әлеуметтік тұрғын үйлерді салу үшін қолданылған. Ал Ұлыбритания құрылыс саласында жұмыс күші тапшы болғандықтан модульдік технологияға жүгінген. Жаңа ғасырдың зор мүмкіндіктері бұл әдісті жетілдіріп, құрылыс саласына қарқын беруде. Қазіргі күні АҚШ, Аустралия, Германия сияқты елдердің аймақтары бұл технологияны тұрғын үйге деген сұраныстың артуына байланысты қайта қолданып, жандандыра түскен. Бұл әдісті қолданатын Жапония басты назарды сапаға, оның ішінде сейсмикалық қауіпсіздігіне аударған. Соның арқасында елде дәстүрлі технологиямен емес, осы модульдік әдіспен салынған үйлерге деген сұраныс артқан. Ал Швецияда бұл әдіске суық мезгілде де құрылыс жұмыстарын тоқтатпай жүргізу мүмкіндігі үшін басымдық беріледі.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Елдегі алғашқы зауыт

Модульдік технология бойынша жылына үш-төрт тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға болады. Бұл жаңа тұрғын үйге сұранысы көп біздің ел үшін де өзекті мәселе. Өткен жылы бірнеше айда 14 инфекциялық аурухана құрылысын жүргізу осы технологияның арқасында мүмкін болғанын атап өту керек. Бұл тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның құрылыс саласына енгізілген алғашқы жаңашылдық деп танылып отыр. Оны жүзеге асырып отырған - «ModeX» ЖШС. Нұр-Сұлтан қаласының «Астана – жаңа қала» №1 Индустриялық паркінің аумағында өткен жылы ашылған зауыттың жұмысымен танысқан Премьер-министр Асқар Мамин «бұл жоба ел халқы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына қарқын беруге мүмкіндік тудырады» деген баға берген болатын. Индустриялдық парк аумағында орналасқан кәсіпорындар мемлекет тарапынан салық түрлері бойынша жеңілдіктерге ие екенін айта кеткен жөн.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Жуықта осы зауыттың табалдырығын аттап, өндіріс жұмыстарын өз көзімізбен көріп қайтқан едік. Қазіргі күні мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді. Бұл – зауыттың бірінші кезеңі іске қосылғанда жұмысқа алынған қызметкерлер. Кәсіпорынның бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Айдар Ермағамбеттің айтуынша, зауыттың екінші кезеңі осы жылы іске қосылады. Сол кезде тағы 200 адам жұмысқа қабылданбақ.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Технология біздің құрылыс саласының мамандары үшін таңсық болғандықтан, олар бір ай көлемінде арнайы бейімдеу бағдарламасы бойынша жұмыс процесінің ерекшеліктерімен танысады.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Оң серпін

Зауыт бірнеше цехтен тұрады. Блок бөлме құйылмас бұрын арматурадан оның қоршаулары жасалады. Сол қоршау толықтай керамзитбетоннан құйылады. Дайын өнім термоөңдеуге жіберіледі.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Бұл технологияның монолиттік әдістен ерекшелігі бар. Екеуін шатастырмау керек. Біздегі блоктар қабырғалар ғана емес, дайын бөлмелер. Олардың ішін әрлеу жұмыстары да цех ішінде жасалады. Ламинаттары төселіп, түсқағаздары жабыстырылып, есік-терезелері осында монтаждалады. Сантехника да зауытта орнатылады. Құрылыс алаңына блок бөлме толықтай дайын күйінде барады. Ол жерде тек блоктарды бекітудің монтаждық жұмыстары мен инженерлік желілерді іске қосу ғана атқаралады, - деп түсіндірді бізге кәсіпорын менеджері.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Дайын блок бөлмелерді өзіміз де көзімізбен көрдік. Бір-бірінен аумайтын асхана, жатын бөлме, қонақ бөлмесі қаз-қатар тізіліп тұр. Бұл жуықта елордада бой көтеретін «Сезім қала» тұрғын үй кешенінің дайын бөлмелері болса керек.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Зауыттың бірінші кезеңі жылына осындай үш-төрт тұрғын үй кешенін тұрғызуға қауқарлы. Жалпы зауыттың жобалық қуатына келсек, ол жылына 135 мың шаршы метрді пайдалануға бере алады. Екінші, үшінші кезеңі іске қосылғанда бұл көрсеткіш жылына 450 мың шаршы метрге жетеді, - дейді ол.

 LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Сапа, үнем, баға

 LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Құрылыс жұмыстары ауқымды процесс болғандықтан ол қосалқы мердігерлерді тартуды мәжбүр етеді. Ал модульдік құрылыс әдісінде уақыт қана емес, жұмыс күші де үнемделеді.

Осы технологияны пайдалану кезінде жұмыстың көп бөлігі, санмен алғанда, 80 пайызы осында, зауыт ішінде атқарылады. Мысалы, монолитшілерді, қасбетпен қаптаушыларды, терезе орнатушылар мен әрлеу жұмыстарын жүргізушілерді құрылыс алаңына шақырудың керегі болмайды. Тұрғын үйлер таза, дайын күйінде тапсырылады. Содан кейін үнем оның шаршы метр үшін бағасына да оң әсерін тигізеді, - деп жалғады әңгімесін Айдар Ермағамбет.
LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Бір жағынан бұл қыс мезгілінде құрылыс алаңда жұмыстың тоқтамауына септігін тигізсе, екінші жағынан артық жұмыстардың болмауына байланысты қаланың ластануы төмендейді. Оның айтуынша, модульдік технология – құрылыс сапасына кері әсерін тигізбестен жылдам тұрғын үй салудың таптырмас әдісі. Өйткені мұнда жарық, энергия, жұмысшылар жалақысына кететін шығындар үнемделеді.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Бізде жылдам салынған үйдің сапасы болмайды деген түсінік бар. Оның үстіне арқаның ақырған аязында бетон қабырғалардан ызғар шашып тұрмай ма деген сауал әрқайсымызда туындауы мүмкін. Алайда кәсіпорын менеждері мұнда үнем уақыт пен артық шығындар арқылы жасалғандықтан, қаржының көп бөлігі құрылыс материалдарына жұмсалатынын атап өтті.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Модульдік құрылысқа күмәнмен қарауға негіз жоқ. Өйткені қазір оны әлемнің көптеген дамыған елі пайдаланады. Ол трендке айналды десек, артық айтқандық емес. Содан кейін өндіріс процесі ғылыми және техникалық, монтаж, қабырғалар мен еденнің қалыңдығы тұрғысынан «Қазақ құрылыс-сәулет ғылыми-зерттеу институтының» зертханасында сыналады. Және біз әлемнің көптеген елінің технологиясымен танысып, әрқайсысынан өз елімізге, климатымызға сай келетін тәжірибені негізге алдық, - дейді ол.
LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

Алдағы уақытта модульдік технология бойынша тұрғын үйлерден бөлек мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлемуттік мекемелер де салу жоспарда.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

 

Күретамыр

Құрылыс индустриясын ел экономикасының күретамыры деп бекер айтпайды. Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлемдік шикізатқа тікелей тәуелді болса да, құрылыс секторын экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыра білді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 150 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені, елде барлық әлеуметтік топты қамтитын тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылуы соның бір дәлелі. Дегенмен елде қолжетімді тұрғын үйге деген сұраныс үлкен. Елде жүзеге асырылып жатқан «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Баспана хит», «7-20-25», «Ұмай ана» бағдарламалары мен Қазақстан ипотекалық компаниясының ұсынысы тұрғын үй нарығындағы сұранысты арттырды. Бұл жағынан алғанда құрылыс саласына модульдік технологияның кіріктірілуі мен оны кеңінен қолдану бұл секторға қарқын берері анық.

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?

LEGO үйлер құрылыс саласына қарқын бере ме?


Өзгелердің жаңалығы