Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деп күдікке ілінді

16 Қаңтар 2020, 17:37
2491
Бөлісу:
Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деп күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Осы орайда Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған жәйтқа қатысты пікір білдірді.

Біз тергеу әрекеттері мен қылмыстық іс туралы хабарламаға түсініктеме бере алмаймыз, себебі бұл тергеу органдарының құзыреті. Баспасөз қызметінің бұл деректерге рұқсаты жоқ, - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат таратыла бастады. Ал Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет журналистерге облыстық әкімдік штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Бақауов қамауға алынды ма?" деген сауалға жауап беруге дайын емес екендігін хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы