Ла-Маншта 50-ден астам босқын құтқарылды

23 Тамыз 2019, 22:13
1518
Бөлісу:
Ла-Маншта 50-ден астам босқын құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық шекарашылары мен жағалау күзеті Ла-Манш бұғазынан өтпек болған 50-ден астам босқынды құтқарды. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады.

Мигранттар Франциядан Ұлыбританияға төрт резеңке кемемен өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, босқындарды жағалауға жақын Гастингс, Дил, Дувр және Рай қалаларынан – елдің оңтүстік-шығыс бөлігінен түсіріп алған.

Шекара күзетіндегілер бейсенбі күні Кент және Сассекс графтығының жағалауында оқиға болып, оған шекара қызметі мен полиция араласқанын хабарлады.

Мигранттар Иран, Гвинея, Кувейт және Кот-д'Ивуар елдерінің азаматтары екенін айтқан.

Маусым айының басында Ла-Манш бұғазында мигранттардың рекордтың көрсеткіші ұсталды. Ол кезде Франциядан Британия жағалауына жетпістен астам адам барғысы келген.

 


Өзгелердің жаңалығы