Қызылордадағы шаруашылықтар техникаларды сатып алуда республикада көш бастап тұр

27 Маусым 2021, 19:31
3221
Бөлісу:
Қызылордадағы шаруашылықтар техникаларды сатып алуда республикада көш бастап тұр

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жыл басынан бері Қызылорда облысының шаруашылықтары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 миллиард теңгеге техника сатып алды. Оның бір бөлігі шаруа қожалықтарына көктемгі дала жұмыстары кезінде, қалғаны егін жинау маусымы басталғанға дейін келді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының директоры Оразбек Қарақожаевтың айтуынша, соңғы жеті жылда қызылордалық фермерлер ауылшаруашылық техникаларын сатып алуда республикада көш бастап тұр.

Ыңғайлы лизингтік және жұмыс істейтін сервистік орталықтардың арқасында аймақ фермерлері коронавирустық пандемияға, валюта бағамының көтерілуіне қарамастан егін жинауға арналған жаңа техниканы сатып алуға ынталы, - дейді ол.

Жалағаш ауданындағы «Ер-Әли» шаруа қожалығында егінге қажетті техникалар жыл сайын жаңарып отырады. Былтыр да карантин кезінде шаруашылық жаңа тракторлар мен комбайндар сатып алған.

Екі жыл бұрын шаруашылық Германиядан «Deutz-Fahr» компаниясының тракторларын сатып алған. Оларда жылдам жер жыртатын соқа бар. Бұл техника егін науқаны басталғаннан аяқталғанға дейін қолданылады. Былтыр шаруашылыққа Ресейден күріш өңдейтін зауытқа қондырғылар алып келген болатынбыз. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыстың диқандары өздерінің техникалық әлеуетін қалыптастыруда, - дейді серіктестік директоры Әліби Бекжанов.

Жалағаш ауданының «Таң» ЖШС жаңа техниканың арқасында күріш егуді ұлғайтты.

Бірнеше жыл бұрын ескі комбайндармен және орақшылармен серіктестік 800 гектар жерге күріш отырғызды. Қазір, ауылшаруашылық техникаларының паркі заманауи техникамен толықтырылған кезде, біз егіс алқабын 3 мыңға жеткізе алдық. Оңтүстік Кореялық фирманың күріш өңдейтін зауытының жабдықтарын сатып алғаннан кейін, өңделген өнімді сатуға мүмкіндік туды, - дейді ЖШС директоры Имамзада Шағыртаев.



Өзгелердің жаңалығы