Қызылордада үй өртеніп, 73 адам эвакуацияланды

21 Желтоқсан 2019, 17:23
5444
Бөлісу:
Қызылордада үй өртеніп, 73 адам эвакуацияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 желтоқсанда 23 сағат 33 минутта "112-БДКҚ" қызметінің диспетчерінен Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, 74 мекен-жайында орналасқан өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Қызылорда облысы ТЖД хабарлауынша, өрт орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген соң бұрынғы жатақхананың 5 қабатты ғимаратында, бірінші подъезде 5-ші қабатта жанып, қатты түтіндеу орын алғандығы анықталды.

орт2.jpg
Сондай-ақ, барлауды жұмыстарын жүргізу барысында 5-қабаттың дәлізі толығымен түтіндегені, өрт ошағы дәліздің алыс бұрышында болғаны анықталды. Газ түтінінен қорғау буынының күшімен пәтерлерде тұрғындардың бар-жоғына барлау жүргізу және оларды құтқару туралы шешім қабылданды. Ғимараттың екі жағынан автосатылардың көмегімен 5 қабаттың терезелері арқылы адамдарды құтқару жүзеге асырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы мен 2 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта.

Барлауды жүргізу және өртті сөндіру барысында барлығы 73 адам құтқарылса, оның 20-бала және өрт сөндіру автосаты көмегімен 5 қабаттан 28 адам құтқарылса, оның 7-бала. 5 қабатта орналасқан барлық пәтерден 27 және 50 литрден 15 газ баллоны шығарылды.

орт1.jpg

Өрт ошағына жақын орналасқан пәтерден улы газбен уланған 6 адам құтқарылып, жедел медициналық көмек бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта облыстық медициналық орталықта 5 адам бар.

Өрт сөндіруге 11 негізгі және арнайы өрт сөндіру автокөліктері мен 57 қызметкер жұмылдырылды. Өрт орнына ТЖД және өрт сөндіру қызметінің басшылығы да қатысты.

Өрт 00 сағат 25 минутта оқшауланып,е 00 сағат 35 минутта толықтай өшірілді. Төтенше жағдай орынына полиция департаментінен 36 қызметкер, жергілікті атқарушы орган, прокуратурадан 10 қызметкер, ЖМКҚ 30 қызметкер мен 10 бірлік техника, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттың шығу себебі мен шығыны анықталуда.



Өзгелердің жаңалығы