Қызылорда облысында аға лейтенант өзгеге өмір сыйлады

1 Қараша 2021, 19:56
1579
Бөлісу:
Қызылорда облысында аға лейтенант өзгеге өмір сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні еліміздің қан қызметі ерікті донорлардың қолдауына зәру. 

Әсіресе, ең сирек әрі жаңа, жиі кездесетін IV қан тобын табу қиын. Сондықтан да бұл топтағылардың қаны өміріне қауіп төніп тұрған адамдарды ажалдан құтқаруға, оларды емдеуге қажетті таптырмас құралдардың бірі, деп хабарлайды Қызылорда облысы ҚАЖД баспасөз қызметі. 

Міне, осындай ерекше қан тобының иегері - ЗК-169/1 тергеу изоляторының қызметкері күтпеген жерден донор болды. Режим және күзет бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ердәулет Мардихановтың айтуы бойынша, беймезгіл уақытта облыстық Қан орталығынан қоңырау шалып, ауыр халдегі науқасқа IV қан тобы керек екенін хабарлаған. 

Өмір мен өлім арасында жатқан жанға қан керек деген соң, бейжай қарай алмадым. Менің қанымды құйып науқасты аман алып қалса, адамгершілік жасағаным деп ойлаймын, – дейді аға лейтенант.


Өзгелердің жаңалығы