Қызылорда облысында 39 маманға көтермеақы беріледі

6 Желтоқсан 2020, 02:50
1119
Бөлісу:
Қызылорда облысында 39 маманға көтермеақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 2021 жылдың бірінші тоқсанында індетке қарсы вакцинациялауды бастау жоспарлануда. Вакцина 18 жастан асқан адамдарға салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұған қоса, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда.

Өңірде өкпені жасанды желдету аппараты 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппараты алынды. Биыл медициналық ұйымдарға 99 жас маман жұмысқа кірді. Қалалық және аудандық ауруханаларға жіберілді. Алғаш рет 99 маманның 39-ына 500 АЕК көтермеақы беріледі, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков.
Өзгелердің жаңалығы