Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

12 Тамыз 2021, 15:28
4486
Бөлісу:
Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алу бойынша күдіктелді.

Бұл туралы ANTIKOR News хабарлады.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктелді, - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялануға жатпайды.


Өзгелердің жаңалығы