Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысында COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Спутник V» вакцинасын аймақта бірінші болып салдырды.
Бүгін таңертең облысқа «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы келді. Жалпы жыл ішінде 80 мың доза кезең кезеңімен әкелінеді. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқар қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.
Оқи отырыңыз: