«Қызыл аймақта» тұрған Қостанай облысының қаулысына өзгеріс енгізілді

5 Желтоқсан 2020, 15:13
1558
Бөлісу:
«Қызыл аймақта» тұрған Қостанай облысының қаулысына өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайлоның 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, «Туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулыларына сәйкес және COVID-19 оқиғаларының көп санының тіркелуіне байланысты қаулы етемін, - делінген құжатта.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 30 қарашадағы ВАК хаттамасына, Қостанай облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 5 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына сәйкес мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қостанай қаласында карантин енгізу, Қостанай облысының аумағында ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөткізу ауданында санитариялық бекеттер орнату»;

2) 2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

3) 2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік кірістер, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек департаментінің, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің, телекоммуникациялар мен байланыстың қызметкерлерін, жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариат) қызметкерлерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылушыларды, сондай-ақ өндірістік процесті қамтамасыз ететін стратегиялық объектілер мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қызметкерлерін қоспағанда, Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу

2020 жылғы 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беру»;

4) 2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс кестесін белгілей отырып, аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат беру (бір келушіге бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен 5 ш. м. есебінен) демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын»;

5) 2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қоғамдық көліктің қауырт уақытта желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша толтырылуымен, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуімен, барлық есіктерді ашумен, жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жіберумен, демалыс және мереке күндері тоқтата тұрумен қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру, «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қ. № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттар бойынша автобустарды қоспағанда, демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленсін.

6) 2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін таксидің жүріп-тұруына тыйым салу. Такси жүргізушілері мен жолаушыларына міндетті түрде бетперде кию»;

7) 2-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«18) азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30% - дан аспайтын, кемінде 4 ш.м. толтырумен, азық-түлік емес тауарларды сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өткізу бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру. 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30% - дан аспайтын, кемінде 4 ш. м., жұмыс режимін сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін шектей отырып, сауда кешендерінің, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беру; бұл ретте азық-түлік дүкендері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысы демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын.»;

8) 2-тармақтың 20) тармақшасындағы «бассейндердің жұмысынсыз» деген сөздер алынып тасталсын»;

9) 2-тармақтың 22-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22-1) топтарда шұғылданатындар саны 15 адамнан аспайтын, жұмыс режимі 9:00-ден 20:00-ге дейінгі балалар секцияларының, үйірмелердің, факультативтердің жұмысына демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып рұқсат етілсін»;

10) 2-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23) жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 5 ш. м. толтырылуын қамтамасыз ету кезінде жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат беру, демалыс және мереке күндері-демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын»;

11) 2-тармақтың 25-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25-1) күшейтілген санитариялық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып, санаторийлердің, профилакторийлердің, үйлер мен демалыс базаларының 30% - дан аспайтын толымдылығы бар жұмысына рұқсат беру»;

12) 2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«28) үй-жайларда бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, жұмыс күндері жұмыс режимін белгілей отырып, сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, демалыс және мереке күндері тек қана шығарып және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру»;

13) 2-тармақтың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«31) халыққа жанасусыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілердің (Автожуу, шиномонтаждық шеберханалар, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.) қызметіне рұқсат беру.»;

14) 2-тармақтың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«37) бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта 1 адамға су айнасының 5 шаршы метрі есебінен рұқсат беру, ҚР МГСВ № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын»;

15) 6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6. Осы қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 14 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін қолданылады». 

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, - делінген Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.                                                                                               

Өзгелердің жаңалығы