Қытайда коронавирус індетінің таралуы бәсеңдеді

18 Қараша 2021, 17:10
1111
Бөлісу:
Қытайда коронавирус індетінің таралуы бәсеңдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда күн сайын ауруды жұқтырғандар саны азайып келеді. Алайда билік санитарлық шараларды жеңілдетпей отыр. 

Науқастармен араласқан адамдар дәрігерлік бақылауға алынады. Ал өзге уақытта болса да науқас болған орындарға барған барлық тұрғындар үйлерінде карантинде отыруы тиіс.  Індеттің соңғы толқынан бері бір ай өтті. Алайда ережелер жеңілдеген жоқ. Араласқан адамдармен қатар науқастар болған жерге барған адамдар да оқшауландырылады. 

Қытайда науқастармен қатынаста болғандарды Биг дата көмегімен анықтайды. Бұл ұялы телефонның нөмірі бойынша жиналған деректер. Карантиндегі адамдардың жүріс-тұрысын да осылай қадағалайды. 

Тәртіп бұзғандарға қатаң шаралар мен қомақты айыппұл қарастырылған. Тіпті арнайы оқшаулану орталығына жіберуі мүмкін. Мұнда екі апта өткізген адам шамамен бір мыңға жуық доллар төлейді. Ал егер карантин тәртібін бұзып, өзге адамдарға коронавирус жұқтырса, қылмыстық жазаға тартылады. 

Бүгінде Қытайда ковидтен 1200-ден аса адам емделіп жатыр. Аурудың ауыр-жеңіл өтуіне қарамастан, барлық науқас ауруханаға жатқызылады. 43 мыңдай адам дәрігерлердің бақылаумен карантинде отыр.   



Өзгелердің жаңалығы