Қытайда 5G байланысы бар телефонға сұраныс артты

2 Наурыз 2021, 08:33
1624
Бөлісу:
Қытайда 5G байланысы бар телефонға сұраныс артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өткен жылы 5G жүйесіне қосылған 163 миллион ұялы телефон сатылған. Мұндай мәліметті осы елдің өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі жариялады.
 

Мамандардың айтуынша, биыл жаңа буын ұялы телефондарына сұраныс артады. Қазір оларды пайдаланушылардың қарасы 200 миллионға жеткен екен. Ал байланыс түрінің құны төмендеуде. Елдің ірі қалаларында 5G-дің базалық станциялары салынған. Келешекте мұндай станцияларды ауылды жерлерде де салу жоспарда бар.
 

Қазір елде 5G ұялы телефондарын пайдаланушылар 4G-ді қолданушылардан бір жарым есе артық. Ал соңғы 2 жылда бұл байланыс түрінің құны 46 пайызға төмендеді. Былтыр нарықта 5 Джиді ұстайтын ұялы телефонның 218 түрі пайда болған, – дейді ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Сяо Яцин.
 


 

Өзгелердің жаңалығы