Қытай билігі Alibaba компаниясына 2 млрд 750 млн доллар айыппұл салды

10 Сәуір 2021, 13:33
1755
Бөлісу:
Қытай билігі Alibaba компаниясына 2 млрд 750 млн доллар айыппұл салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі «Алибаба» компаниясына монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін 2 млрд 750 млн доллар айыппұл салды, деп жазды Хабар24. 

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл корпорацияның 2019 жылғы табысының 4 процентіне тең шығын. Сарапшылар осынша ірі көлемдегі айыппұл елдегі монополияға қарсы саланың тарихында бұрын-соңды болмағанын айтады. 

Былтыр қазан айында «Алибаба» басшысы Джек Ма Қытай билігін «бюрократиямен айналысады, соны доғару керек» деп сынаған болатын. Осы сөздерінен кейін миллиардер мүлде көрінбей кетті. Желтоқсанда үкімет компанияда антимонополиялық тексерістердің басталғанын жария етті.

Өзгелердің жаңалығы