Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек жылу электр орталығына 2021-2022 жылдың қысқы жылыту маусымына дайындық үшін көмір тасудың алғашқы бөлігі жеткізілді.
Бішкектегі "Электр станцияларының" мәліметіне қарағанда 25 вагон көмір Қазақстанның Қара-Жыра кенінен жеткізілген.
Жалпы келісім бойынша Бішкек ЖЭО-ға Қара-Жыра кенінен 643 мың тонна көмір жеткізілуі тиіс.
Бішкектегі "Электр станциялары" басқармасы баспасөз хатшысы Тагжана Айдаралиеваның сөзіне қарағанда, Тотағұл су қоймасындағы судың аздығына байланысты биыл Қырғызстан көмір тұтыну көлемін ұлғайтады.