КВИ мен пневмониядан 28 адам көз жұмды

16 Сәуір 2021, 09:01
1358
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 28 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 сәуірдегі ақпаратты жариялады.

16 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 868 адам коронавирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 616 адамның жағдайы ауыр;
• 168 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 118 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ мен пневмониядан 28 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы