КВИ мен пневмониядан 126 адам көз жұмды

3 Тамыз 2021, 09:00
2738
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 126 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 тамыздағы ақпаратты жариялады.

3 тамыздағы мәлімет бойынша, 102 839 адам коронавирус инфекциясынан (–100 145 + және 2 694 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 138 пациент стационарда, 73 701 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 707 адамның жағдайы ауыр, • 395 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

1 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 87 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап ауырғандар - 61301, 3756 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54851-ге жетті.

КВИ мен пневмониядан 126 адам көз жұмды


Өзгелердің жаңалығы