КВИ анықтайтын экспресс-тесттерді елде қайта қолдану қарастырылуда – Бекшин

29 Қаңтар 2021, 15:43
1152
Бөлісу:
КВИ анықтайтын экспресс-тесттерді елде қайта қолдану қарастырылуда – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық тамақтану, сауда орындары, базарларда вирус жұқтыру 40%, сондықтан олардың жұмысына шектеу қойылды. Тек, үй жанында орналасқан азық-түлік емес дүкендер бұрынғыдай жұмыс істей береді. 

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпкерлердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин шаралары неліктен күшейтілгенін түсіндіріп, кәсіпкерлер сұрағына жауап берді. 

25 қаңтардан бастап вирус жұқтыру көрсеткіші өсіп, Алматы қызыл аймаққа енді. Осыған орай карантин шараларын күшейттік. Бұған дейін қаланың кәсіпкерлеріне шектеу шаралары болатыны айтылды, - деді ол. 

Сонымен қатар ол қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтып өтті.

Осы жолы қоғамдық көліктердің жұмысына шектеу қойылмайды, олар режимді жұмысын жалғастыра береді, - деді Бекшин.

Бекшин сондай-ақ ол алдағы уақытта Қазақстанда экспресс-тест қолданылатынын жеткізді.

Коронавирус инфекциясын анықтайтын экспресс-тестті алғашында біз қолдандық. Алайда ол Қытайдан жеткізілгендіктен сапасы нашар болды. Сондықтан тестті тек зертханалық тексеру арқылы жасау қабылданды. Қазір мұндай тесттің жетілдірілген түрлері шығып жатыр және Жапония, Оңтүстік Корея, Америка осыны қолданып келеді. Қазір біз оны қолдану жағын қарастырып жатырмыз. Бұл шетелден келген азаматтарды тексеруде және ел ішінде қатынайтын азаматтарымызды тексеруде өте ыңғайлы болар еді, - деді ол.

28 қаңтар күні Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шыққан болатын. Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен дәмхана, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған. 

Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды. Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. 

Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат. Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет. 

Сондай-ақ жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған. Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.

Өзгелердің жаңалығы