Күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алғандар қамауға алынды

20 Қаңтар 2021, 20:35
1605
Бөлісу:
Күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алғандар қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алған ер адамдар қамаққа алынды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.  

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Атырау облысының 55 жастағы тұрғыны арызданып, Құлан ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз үш азаматтың күш қолданып, Samsung j-2 маркалы ұялы телефонын, басқа да құнды заттарын тартып алып, артынан ұялы телефонындағы kaspi.kz қосымшасынан 15 мың теңге ақшасын аударып алып кеткенін көрсеткен. 

Жәбірленушіге жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. 

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Т.Рысқұлов аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен ізін суытпай Алматы қаласы және Қордай ауданының 25-27 жас аралығындағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Тергеу барысында күдіктілердің тонау дерегі бойынша бұрын сотты болғандығы анықталды, - делінген таратылған ақпаратта.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
 

Өзгелердің жаңалығы