Курсанттар ұшу дағдыларын пысықтады

23 Маусым 2023, 11:41
852
Бөлісу:
Курсанттар ұшу дағдыларын пысықтады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Емтихан кезінде курсанттар көрінуі нашар жағдайда тікұшақта ұшуды орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты армиялық авиация ұшу факультетінің курсанттары ұшу дайындығы бойынша мемлекеттік емтиханда практикалық ұшуларды жүзеге асырды.

Ұшу кезінде олар көрінуі шектеулі жағдайында әуе машинасын басқарудың күрделі жаттығуларын орындады. Тікұшақтарды аспаптар арқылы пайдалану барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылардың басшылығымен жүзеге асырылды.

Курсанттар ұшуды өз бетінше орындады. Нұсқаушы-ұшқыш емтихан тапсырушының іс-әрекетін бақылап, бағалады. Жаттығудың күрделілігі ұшу аппаратының кеңістіктік орналасуын пилоттау кезінде көзбен бағдарлау мүмкін емес. Мұндай жағдайларға түнгі уақыттар мен тұманды ауа райында ұшу жатады. Кеңістіктік бағдарлау аспаптары бойынша ұшу кезінде авиакөкжиектер мен бағыт көрсеткіштері қолданылады, – деп түсіндірді Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Талғат Сыздықов.

Ұшулар ұшу дайындығы мемлекеттік емтиханының практикалық бөлігі болып табылады. Оның барысында курсант ұшу, қону, маневр жасау, бағдар бойынша ұшу және басқа да ұшу элементтерін орындау қабілетін көрсетеді.

Мамандық бойынша ұшу шеберлігіне оқыту Ми-8МТ тікұшақтарында жүргізіледі. Бұл жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға, бес мың метр биіктікке көтерілуге қабілетті орта деңгейлі көп мақсатты әуе кемесі.

Емтихандық ұшулармен қатар «Алға» полигонында болашақ офицерлердің тәжірибелі тәлімгерлері түлектерге жердегі нысананы анықтап, оны ПКТ пулеметінен жоюдағы жауынгерлік дағдыларын көрсетті. Айта кету керек, жердегі нысандарға әуеден атыс қаруын қолдану жаттығуы алғаш рет жүргізілуде. Таяу арада бұл нұсқаушылар құрамы үшін де, курсанттар үшін де әдеттегі тәжірибеге айналмақ.

Өзгелердің жаңалығы