Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев негізгі қызметімен қоса Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1983 ж. – Ақылбек Күрішбаев Қазақ ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша үздік бітірді.
1977 ж. еңбек жолын Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бірлестігінде комбайнер болып бастаған.
1983 ж. В.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының лаборанты.
1984 ж. күндізгі аспирантурасына оқуға түсті.
1986 – 1997 ж.ж. В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ төрағасы, аға ғылыми қызметкер, ғылым бойынша директордың орынбасары лауазымдарында қызметтер атқарды.
1997 – 2002 ж.ж. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры.
2002 – 2005 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды.
2007 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице - министрі.
2008 – 2011 ж.ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.
2011 – 2020 ж.ж. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2020 ж. 27 тамыз – 2022 ж. 12 қазан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2022 ж. 1 қарашадан бастап «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – Ректор.