Күніне неше кесе шай ішуге болады

28 Мамыр 2024, 19:56
7441
Бөлісу:
Күніне неше кесе шай ішуге болады
Фото: pixabay.com/ru

Диетолог Галина Волкова күніне неше кесе шай ішуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, күні бойы екі кеседен артық шай ішпеген дұрыс. 

Қара немесе көк шайдың екі кесесінен артық ішпеуге кеңес беремін. Бұл ретте шөптен жасалған шайды да ішуге болады, - деді Волкова "Риа Новости" сайтына берген сұхбатында.

Маман атап өткендей, кофені де шектен тыс тұтынуға болмайды. Ең оңтайлысы күніне бір кесесін ішу дейді. Бастысы асқазан-ішек жолдары және басқа да органдарыңыздағы ауру-сырқауларға байланысты қарсы көрсетілім болмаса болды.

Кешкі уақытта құрамында кофеині бар сусындардан бас тартқан жөн. Олар ұйқыны қашыруы ықтимал, - деді Галина Волкова.

Бұдан бөлек, диетолог, тіпті, дені сау адамға құрамында қанты бар, газдалған сусындарды, пакеттегі шырынды ішу, кофеге немесе шайға қант салып ішу әдетінен арылу керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы