"Күндіз иман, түнде иван". Белгілі әнші оқырмандарының сынына қалды

22 Қаңтар 2024, 16:01
2959
Бөлісу:
"Күндіз иман, түнде иван". Белгілі әнші оқырмандарының сынына қалды
Фото: instagram.com/say_mo__

«Say Mo» лақап атымен танымал әнші Мөлдір Бақытжанқызы желі қолданушылардың сынына қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейдің «ТНТ» телеарнасындағы «Песни» жобасы арқылы танымал болған Say Mo инстаграм желісіне Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әйгілі Шейх Зайед мешітінің алдында сурет жүктеген.

Бұған дейін ашық киім киетін әншінің мешіттегі образы көпшілігін таң қалдырды. Оқырмандар тарапынан түрлі пікірлер жазылған. Бірі ұзын көйлектің әдемі жарасқанын айтып, түрлі смайликтер жолдаса, енді бірі теріс пікір қалдырған. «Күндіз иман, түнде иван», «Әдемі жарасып тұр», «Сізді мұндай киіммен көру қызық екен», «Сізге ұзын киім жақсы жарасады» деген оқырмандары.

Өзгелердің жаңалығы