Күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды - Зәкиева

9 Қараша 2023, 14:25
432
Бөлісу:
Күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды - Зәкиева
Фото: автордан

Бұл туралы «Балалардың әл-ауқаты: бала кұқықтарын қорғаудың өзекті бағыттары мен тиімді тәжірибелері» атты кездесуде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу барысында екі тақырып талқыланды. Біріншіден, балалардың қауіпсіздігіне байланысты, екіншіден, балалардың денсаулығына, әлеуметтік мәселелеріне қатысты тақырып. Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Осы кездесу барысында балалар қауіпсіздігіне байланысты заң жобасын таныстырдық. Әзірленген заң жобасында 50-ден астам позиция бар. Олар, біріншіден, отбасыларға, балаларға көмек көрсететін инфрақұрылымды көздейді. Сонымен қатар балаларға қарсы жасалатын қылмыстарға жазаны қатаңдатуды қарастырады. Сондай-ақ осы саладағы әлеуметтік емес ұйымдарды біріктіріп, әлеуметтік зертхана құрамыз, - дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева.

Уәкіл ауыр қылмысты жасағандардың жеңіл жазамен құтылып кетіп жатқанын атап өтті. Сол себептен жаңа заңға жыныстық сипаттағы қолсұғушылық бабы ұсынылған. 

Заң жобасы аясында балаларға жыныстық сипаттағы тиісу бабын енгізуді ұсындық. Себебі қазіргі таңда осындай әрекеттерді жасайтын адам көп. Алайда олар жауапкершілікке тартылмайды. Мәселен, қазіргі таңда ауыр қылмыс жасағандарға бас бостандығын шектеу жазасын береді. Бірақ осы жаза бойынша қылмыс жасаған адам үйде отырады. Мәселен, Жібек жолында кішкентай қызды зорлап, өлтірген адам осы жазамен үйде отырды. Сол себептен біз халықаралық тәжірибені негізге алуды жөн деп санаймыз, - дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Өзгелердің жаңалығы