Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қанша қаражат бөлінгені айтылды

18 Тамыз 2021, 09:33
5249
Бөлісу:
Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қанша қаражат бөлінгені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бүгінгі үкімет отырысында қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге жем-шөп жеткізу жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, жағдайды түзету үшін Үкімет нақты жедел шаралар қабылдауда. Азық дайындау мәселесі бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. 

Зардап шеккен өңірлерге қаржылай көмек көрсетіліп отыр. Мәселен, құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына азық сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеуге үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Маңғыстау облысына азық дайындау мақсатында қосымша 5,3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар азық дайындау проблемаларын шешуге жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Қосымша тағы 4,5 млрд теңге бөлінеді, - деді Қарашөкеев. 

Сонымен қатар ол зардап шеккен өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарын өңдеушілердің кредиттері бойынша қарыздарын ұзарту және қайта қарау туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Оған қоса облыстарда азық дайындау көлемін барынша арттыру шаралары іске асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы