«Крещение» мерекесі. Кімдерге суға түсуге болмайды, қандай ережені сақтау керек?

13 Қаңтар 2023, 18:10
1414
Бөлісу:
«Крещение» мерекесі. Кімдерге суға түсуге болмайды, қандай ережені сақтау керек?

19 қаңтарда Алматыда дәстүрге сай, «Крещение» мерекесі өтеді. Бұл күннің басты салты – мұзды суға түсу. Шұңқырдағы суға қалай дұрыс және ең бастысы қауіпсіз сүңгу керектігі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спикерлер суға түсуге ресми түрде рұқсат етілген орындарды да атады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Юсупов белгіленбеген жерлерде суға түсуге, жарықтар мен ойықтар болса, мұзға шығуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Рәсімге дейін алкогольді ішуге тыйым салынады. Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар немесе суық суға түсуге қарсы көрсетілімдері бар адамдар үшін суға түсуге болмайды. Әрине, шомылу орындарында тәртіпті сақтау қажет. 

 Алматы қаласының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен және Алматы епархиясымен бірлесе отырып, мейрам қарсаңында 9 шомылу орнын белгіледі, онда купельдер жабдықталып, орнатылады. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін осы мақсаттарға арналмаған орындарда өз бетінше суға түсуді ұйымдастырмауға шақырамыз. Ашық жерде жабдықталған купель жанында 3 адамнан артық болмауы керек. Шомылу алдында жүгіріп, денені қыздырып, денені жылытып алу керек. Дәрігерлер мен құтқарушылар тұрған жерде суға түсу керек, - деді Ә.Юсупов.

Құтқарушылар шомылғаннан кейін денені түкті сүлгімен сүрту және жылы киім киіп, жылы шай ішу керектігін ұсынады. Жылы суда ұзақ уақыт отырғанда , дене құрысып, үсік шалу мүмкін. Суық суға бірден сүңгігенде, жүрек жеткіліксіздігі туындауы мүмкін.

Суға түсуге рұқсат етілген барлық 9 аумақта құтқарушылардың, полиция қызметкерлерінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы және қала медицина қызметкерлерінің орталығы тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. 

Барлық басқа су қоймасы, тау өзендері шомылуға тыйым салынады. Таулы өзендерге жақындау өте тайғақ екенін есте ұстаған жөн. Ал өзендердің ағысы өте күшті, тепе-теңдігінен айырылған немесе есінен танған адамды алып кетуі мүмкін. 

Брифингке, сонымен қатар, Протоиерей, Қазақстан православие шіркеуінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Александр Суворов қатысып, суға түсуге рұқсат етілген орындарды атады:

1.      «Алматы қаласы, Приход Крестовоздвиженский храмы», Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы,  Высоковольтная көшесі,  37 б үй

2.     «Алматы қаласының Приход храма Христа Спасителя» жергілікті діни ұйымы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Райымбек даңғылы,  493 үй.

3.     «Қазақстанның Православ Шіркеуінің Астана және Алматы Епархиясының» аймақтық діни филиалы Свято-никольский собор, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесі,  56/6 үй

4.     Алматы қаласы, «Богоявленский приход» жергілікті діни ұйымы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Садовников көшесі, 196-үй

5.     «Приход Успенского храма поселка Первомайский Астанайской и Алматинской Епархий» жергілікті діни ұйымы, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Центральная көшесі, 86-үй

6.  Алматы қаласы Астана және Алматы Епархиясы «Приход храма великомученицы Параскевы» жергілікті православтық діни ұйымы,  Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 500 в үй

7.  Астана және Алматы Епархиясының «Иверско-Серафимовский женский монастырь» жергілікті діни ұйымы,  Алматы қаласы, Медеу ауданы, Хамиди көшесі, 30-үй

8.     Алматы қаласы Астана және Алматы Епархиясы «Приход Благовещенского храма» жергілікті дәни ұйымы, Алматы қаласы, Медеу ауданы,  Алатау ықшам ауданы,  Ибрагимов көшесі, 13-үй

9.      «Покровско-Всехсвятский приход» жергілікті діни ұйымы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,   Жас Пионерлер көшесі,  85-үй

Барлық арнайы бөлінген шомылу орындарында шатырлар мен киім ауыстыратын бөлмелер (ерлер мен әйелдер) орнатылды. Арнайы қызметтермен бірге дін қызметкерлері де үздіксіз жұмыс істейтін болады. 

Суға шомылу күнәлардан тазартпайды, өйткені бұл ежелгі тақуалық дәстүр. Оны әркім әрқалай қабылдайды және одан әркім өзі алғысы келген жемісін көреді, - деп атап өтті Александр Суворов.

Өзгелердің жаңалығы