Кранның тұрғын үйге құлауы. Мердігер заң бойынша жазаланады

28 Сәуір 2022, 18:11
1454
Бөлісу:
Кранның тұрғын үйге құлауы. Мердігер заң бойынша жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Көркем Tower» тұрғын үй кешеніне құрылыс краны құлады. 

Нұр-Сұлтан қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасының еңбек инспекциясы автокранды тексеру нәтижесінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталғанын атап өтті. Аталған іс бойынша тергеу нәтижелері бойынша мердігерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қолданылады, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, Есіл ауданы әкімінің аппараты,  Нұр-Сұлтан қаласының қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің өкілдері болды.

25 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін мұнаралы крандарды пайдалану кезінде қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша құрылған жұмыс тобы аясында қаладағы құрылыс нысандарында 121 мұнара крандары сынақтан өтті.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 81 мұнара кранында бұзушылықтар анықталды. Негізгі бұзушылықтар – мұнара крандарының техникалық құжаттамасының болмауы. Аталған мұнара крандарының жұмысы анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы