Ковалев-Альварес жекпе-жегіне баға берілді

5 Қараша 2019, 03:18
1924
Бөлісу:
Ковалев-Альварес жекпе-жегіне баға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Баду Джек Сауль "Канело" Альварес пен Сергей "Крашер" Ковалев арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазды Prosports.kz.

Айта кетейік, мамандардың көбі Ковалевтің сылбыр қимылдағанын және өзінің күшін толық пайдаланбағанын айтқан болатын.
"Альварес оң жақтан жақсы соққы жасап, кездесу соңын тамаша аяқтады. Жекпе-жек бірсыдырғы өтті, алайда екі боксшы да құрметке лайық деп санаймын. "Канело" Ковалевті нокаутқа түсірді, маған Сергей өз күшін толық пайдаланбағандай көрінді. Ол қаһарлана алмады. Мұның бәрі әртістік қойылымға ұқсап тұр. Альвареске құрметім шексіз. Ол өзінің жұмысын жақсы атқарып шықты. Ол Ковалевке ауыр соққылар жұмсап, нокаутқа бір-ақ түсірді. Мен кездесудің есебін жаза алмадым", - деді сказал Баду Джек.



Өзгелердің жаңалығы