Нұр-Сұлтанда коттедж өртеніп жатыр

27 Тамыз 2019, 17:56
1510
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда коттедж өртеніп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық ТЖД-ның хабарлауынша, жаңадан салынып жатқан екі қабатты коттедждің шатырынан өрт шықты.

WhatsApp Image 2019-08-27 at 17.52.20.jpeg

«Бүгін 27 тамызда 16:45 минутта «101» пультіне А52 көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшесі жіберілді. Оқиға орнына жеткенде жаңадан салынып жатқан 2 қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатқаны белгілі болды», - делінген ТЖД хабарламасында.

WhatsApp Image 2019-08-27 at 17.52.19.jpeg

Департаменттің мәліметінше, өртті сөндіруге 8 техника мен ТЖД жеке құрамындағы 28 адам жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Өрт 17:31-де ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын дәнекерлеу жұмыстарын жасау барысында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан шыққан болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы