Қостанайда мұғалімдер мен полицейлер екпе салдырды

2 Наурыз 2021, 18:28
6048
Бөлісу:
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлер екпе салдырды
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда екінші санатта екпе алатын азаматтарды, яғни полицейлер мен мұғалімдерге вакцина салу басталды. Өткен аптада Қостанай облысына «Спутник V» вакцинасының 4 жарым мың дозасы жеткізілген еді.

Бүгін алғашқылардың бірі болып, білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова екпе салдырды.

Қостанайда мұғалімдер мен полицейлер екпе салдырды

Жұмыс барысында білім мекемелеріне көп барамын. Сондықтан қауіпсіздік үшін өзімнің қалауыммен екпе салдырдым. Мектептер әлі толық штаттық режимге көшкен жоқ. Коронавирусты тезірек жеңіп, балалар мектепке оралса дейміз. Оны жеңудің тиімді жолы – вакцина. Жыл сайын тұмауға қарсы екпе салдыратынмын, бүгін де ойланбай келіп отырмын, - дейді Зәуре Байменова.

Басқарма басшысымен бірге егілгендер қатарында М.Горький атындағы гимназия директоры Ирина Шушпанова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Александр Мамчур, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Олжас Тасқожин де бар. Олар екпеден кейін өздерін қалыпты жағдайда сезінгенін айтады.

Қостанайда мұғалімдер мен полицейлер екпе салдырды

Мен де өз еркіммен келіп тұрмын. Егілгеннен кейін денсаулығымызды жарты сағат бақылап көрді. Өзімнен ешқандай өзгеріс байқамадым, - дейді Александр Мамчур.

Мұғалімдер мен полицейлерді егу жұмысы сәуір, мамыр айларында да жүргізілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы