Қостанайда бұқаралық спортпен 290 мың адам қамтылған

27 Ақпан 2021, 14:17
1992
Бөлісу:
Қостанайда бұқаралық спортпен 290 мың адам қамтылған
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы облыс аудандарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және 5 хоккей кортын орнату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қостанай қаласында Мұз сарайы мен бассейн құрылысы жүріп жатыр.

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұқаралық спортты дамыту үшін 2020 жылы бірқатар жобалар іске асырылған. Спорт ғимараттарының қатары 39 нысанмен толықты. Атап айтқанда, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 хоккей корты, 29 спорт алаңы, 1 спорт трассасы, 1 теннис корты, 2 жүзу бассейні, 5 жаттығу залы пайдалануға берілді.

Қостанай қаласында қазіргі заманғы шаңғы базасы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында және Қамысты ауданы орталығындағы стадиондар жаңа кейіпке енді. Қостанай қаласының бокс мектебі қайта жаңартылды. Ұзынкөл және Жангелдин аудандарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. 12 спорт нысанына, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің 4 спорт мектебіне жөндеу жүргізілді, - деп атап өтті басқарма басшысы Азамат Бегалин.

Жобаларды іске асыру бұқаралық спортты дамытудың оң динамикасын сақтауға мүмкіндік берді. Бұқаралық спортпен 288,4 мың адам немесе облыс халқының 33,3% қамтылған.


Өзгелердің жаңалығы