Көшпенділер рухын қайта жандандыратын жаңа жоба басталды

20 Қазан 2021, 19:50
3816
Бөлісу:
Көшпенділер рухын қайта жандандыратын жаңа жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жас дизайнерлерге арналған «Global Nomads Fashion Awards» ашық байқауы өтетін болды. 

Жоба тұрақты даму мүдделерін насихаттауға және ата-бабалардың тарихи, мәдени, рухани мұралары мен құндылықтарын халық арасында кең жылжытып, жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде техникалық погресс пен жаһандану үрдісінің барлық салаларды қамту қарқынына байланысты адамдардың өмір салты да күрт өзгеруде. Жер бетінде өзіндік бір философияны, өмір салтын ұстанатын, жаңа құндылықтарға негізделген «сандық көшпенділер» деп аталатын жаңа адамдар тобы қалыптаса бастады және олардың саны күн санап артып келеді. Оған әсер ететін басты себептердің бірі – жаһандық ғаламтордың дамуы, ақпараттың қолжетімділігі және шекаралардың жойылуы. Осы жетістіктердің арқасында кез келген адам еркін саяхаттап, әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеп, туыстарымен, достарымен, әріпстерімен байланыста бола алады. Аталмыш өмірдің артықшылықтары ретінде танымдық дағдылардың артуын, басқа халықтардың мәдениеті мен өмір салтын зерттеуді, әлемді жаңа қырынан ашуды атап өтуге болады.

Үнемі қозғалыста болатын «заманауи көшпенділердің» дағдылары да өзгерді: күнделікті қолданатын заттардың саны азайды, жаңа ортаға тез бейімделіп үйренді, бейтаныс ортада өз мәдениетімен бөлісіп, басқа елдің тілін үйреніп, дінін сыйлап, әлем азаматына айнала бастады. Заманауи көшпенді – бұл қоғамдық дамудың жаңа көрінісі, бүгінгі шындық.

Бірақ өткенсіз болашақ жоқ. Адамзат ғасырлар бойы жиналған өмірлік тәжірибесіне, әдет-ғұрыптар мен құндылықтарына жүгініп өмір сүреді. Кез келген қоғамның дамуы, алға ұмтылысы да тарихына, мәдени, табиғи мұрасына негізделеді. Осы орайда жасалып отырған «Global Nomads Fashion Awards» жобасы да ата бабамыздың тарихи көшпенді өмірін, рухын жандандырып жүрген, жаңа бейнедегі заманауи сандық көшшпенділерге арналады.

GLOBAL NOMADS FASHION AWARDS - бұл цифрлық көшпенділер ұғымын түсінетін, өзін солардың қатарына жатқыза алатын, шығармашылық ойлауға ұмтылатын белсенді дизайнерлерге арналған алаң.

Жоба екі бөліктен тұрады: білім беру және шығармашылық байқау.

Білім беру бағдарламасына кез келген адам қатыса алады. Жобаның оқу бөлімінде сән индустриясының, туризмнің, тұрақты даму салаларының жетекші сарапшылары қатысады. Бұл тақырып аясында білімді кеңейтіп қана қоймай, креативті индустрияның мамандарының біліктілігін арттыруға үлес қосады. Сондай-ақ, байқаудың тақырыбын нақтырақ түсініп, талаптарға сай жұмыстар жіберуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы