Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

4 Қазан 2022, 18:01
1426
Бөлісу:
Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»
PHOTO
Фото: автордан

Ақтауға  журналист Нұртілеу Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық» атты көшпелі көрмесі келді. Онда журналистің 200 тарта тұтынған бұйымдары мен киімдері, мемлекеттік марапаттары қойылған, деп  хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ақтаудағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бай, қуатты болайық!» көшпелі көрмесі ашылды. 

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

Өмірінің  47 жылын телевизия саласына арнаған ағаның көрмесін ұйымдастырудағы мақсат-  Нұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін жұртшылыққа насихаттау, жастарға үлгі ету,

Қазақ журналистикасына өшпес із қалдырған ағаның 70 жылдығына арналған көрменің ашылуымен құттықтаймын. Ағамыздың өмір жолы да, еңбек жолы да барлығымызға мәлім. Нағыз ел азаматы, ұлт жанашыры. Нұртілеу Иманғалиұлының қазақ журналистикасына қосқан үлесі зор. Сол еткен еңбегімен, жеткен жетістігін бүкіл қазақ даласына көрсетіп жүрген ағамыздың жұбайына мен достарына алғыс білдіремін, - деді көрменің ашылуында сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

Нұртілеу Иманғалиұлы көзі тірісінде «70- ке шыққан соң ел аралап «Бай –қуатты болайық» деп көрме қоямын» деген екен. Алайда журналист бұл күнге жетпеді. Сондықтан оның арманын өмірлік жары орындауды қолға алған. Журналистың жасы жетпіске жеткен соң оның жары көрмемен ел аралауға шыққан.  Ақтау көрме өткен бесінші қала. Алдымен Астана,Алматы, Шымкент сынды мегаполистерде өткізіп. Енді  батыстағы ағайынға жеткен.  Алдымен Атырауда болып, көрме жұмысы енді міне Маңғыстау өңірінде басау алды.

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

Өзі айтатын 70 жасымда дүркіретіп той жасамайм патша көңілді көрерменімен кездесіп, көрмемді өткізсем деп. Сондықтан осы істі қолға алдық. Көрме арқылы артынан ерген жас журналистерге үлгі болып, Нұртілеу тұтынған әрбір затты көрсін, білсін ынталасын деген ой. Ешқандай коммерциялық мақсаты жоқ. Қай өңірге барсақ та халық ыстық ықыласпен қабылдап жатыр. Рахмет баршаға – дейді Н.Иманғалиұлының жары Қарлығаш Советбекқызы. 

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

Көрмеге қойылған қойылған экспонаттар қатарында тележурналисттің ескі фотосуреттері мен қатар өзі түсірген суреттері де бар. Камералары, студент кезден бергі қолжазбалары да қойылған.  Сондай-ақ Нұртілеу Иманғалиұлын бәрі журналист деп біледі, таниды. Бірақ оның ақындық қырын бірі білсе, біріне беймәлім. Көрмеген ақын Нұртілеу Иманғалиұлының мыңнан астам өлеңі бар. Көрмеден оларға да орын табылған. 

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»

Бүгін басталған көрме екі апта бойы маңғыстаулық көрермендер үшін қызмет етеді. Одан әрі көрме жұмысы солтүстік, орталық өңірлерде жалғаспақ. Осылайша журналистің жұбайы көшпелі көрмемен барша қазақ даласын аралауды жоспарлаған. 

Көшпелі көрме: «Бай-қуатты болайық»
Өзгелердің жаңалығы